2018 жылы никель өндіру саласында бұрын пайдаланылмаған жаңа технологияларды қолдану арқылы, атап айтқанда жер асты-ұңғымалық сілтісіздендіру (ЖҰС) әдісімен кен орнын игерудің жаңа стратегиясын таңдау туралы шешім қабылданды.
Қоршаған ортаға
қамқорлықпен
Металл өндіру кезінде кен орындарын игерудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмау
Өндірістік процестерді
автоматтандыру
Өндірістік циклдің негізгі бөлігін автоматтандыру Компания дамуының басты желілерінің бірі болып қала береді
Металдың өзіндік
құнын төмендету
Әлемде никель өндірудің қолданылатын әдістерімен салыстырғанда өндірілген металдың өзіндік құнын айтарлықтай төмендету
Осы жобаны іске асыру бойынша
серіктес-инвестор тартылды
ЖҰС әдісін қолдануға
уәкілетті органдардан
мақұлдау алынды
Кеніштің тәжірибелік-өнеркәсіптік
алаңын салу бойынша дайындық тау-кен
және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді
Бүгінгі күні кеніш өнеркәсіптік өндіруге шыққаннан кейін никельдің бірқатар ірі халықаралық тұтынушылар металл сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Никельге болжанып отырған жоғары әлемдік сұранысты ескере отырып, Компания кен орнын өндірісінде никельді пайдаланатын жетекші компаниялармен сонымен қатар трейдингтік компаниялармен бірлесіп белсенді игеруге мүдделі.