Fincraft Resources кобальт-никель бөлімшесінің корпоративтік басқару жүйесін жетілдіреді
«КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС-де, компанияның ESG-практикасын қоса алғанда, бизнес-стратегияны және тұрақты даму мәселелерін үйлестіретін Байқаушы кеңес құрылды. Байқаушы кеңестің төрағасы Кенес Ракишев болды.
Алматы, 2021 жылғы 11 қазан – Қазақстан Республикасының ірі тау-кен металлургиялық холдингтерінің бірі болып табылатын «Fincraft Resources» АҚ өзінің өндіретін кобальт-никель активінің – «КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрылғаны туралы хабарлайды.
Байқаушы кеңес құрамына мына тұлғалар кірді:
- Ракишев Кенес Хамитович, «Fincraft Resources» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы-– Байқаушы кеңес төрағасы
- Мукажанов Бектас Амангельдинович, «Fincraft Resources» АҚ Басқарма төрағасы – Байқаушы кеңес мүшесі
- Идрисов Ерлан Сапаргалиевич, Battery Metals Technologies компаниясының бас директоры – Байқаушы кеңес мүшесі.
Байқаушы кеңес «Fincraft Resources» тобының периметріндегі корпоративтік басқару және негізгі активтердің бірін стратегиялық басқару деңгейін арттыру үшін құрылған. Жаңадан құрылған Байқаушы кеңестің жауапкершілік аясына компанияның даму стратегиясы мен корпоративтік мәдениетін бекіту және іске асырылуын бақылау, сонымен қатар корпоративтік басқарудың үздік практикаларына, атап айтқанда, ESG тұрақты дамуының заманауи практикаларына сәйкес менеджмент қызметін бақылау кіреді.
Кенес Ракишев, «Fincraft Resources» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және «КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы мынаны атап өтті: «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанында құрылған компаниялар үшін байқаушы кеңесті құру заңнаманың міндетті талабы болып табылмайды, бірақ біз бұлжытпай ұстануға тырысатын корпоративтік басқарудың үздік халықаралық практикасы болып табылады. «Fincraft Resources» үшін бұл біздің металлургиялық «батареялық» дивизионымыздың –Battery Metals Technologies маркасы аясында «жасыл» технологияларды енгізудің флагманының корпоративтік басқару жүйесін қалыптастырудағы тағы бір қадам.
Компания туралы:
«КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС Горностаев кобальт-никель кен орнында барлау және өндіру жүргізуге келісімшарттың құқық иесі болып табылады. «КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС өз кезегінде «Fincraft Resources» АҚ бақылауы астындағы Battery Metals Technologies компаниясына тиесілі.
«КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС инновациялық технологияны қолдану арқылы – жер асты ұңғымалық сілтісіздендіру (ЖҰС) әдісімен кен орнын игеру жобасын жүзеге асырады. Технология металл өндірудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда жер бетіне және қоршаған ортаға теріс әсерді жоюға; өндірістік циклдерді толығымен автоматтандыруға; өндірілген металдың өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Кен орны Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында орналасқан. Кен орнының қорлары: кен – 81 946 мың м3, никель (Ni) – 627,6 мың тонна, кобальт (Со) – 42,23 мың тонна (қорлар CSA Global (JORC, 2021) компаниясының деректері бойынша есептелген және болжанатын санатқа жатады). Ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі 30 жылдан астам уақытты құрайды.
01.10.2019
Жерасты сілтілендіру алаңының өндірістік инфрақұрылымын салу, пилоттық өнеркәсіптік полигон аумағында кенді қышқылдандыру.
01.07.2019
«KAZNIKEL» ЖШС Қазақстан Республикасының құзыретті органынан жерасты ұңғымаларын сілтілендіруді қолдана отырып пилоттық өндіріс жүргізуге және Горностаевский кобальт-никель кен орнында бағалау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алды.
01.05.2019
Кен орнын тәжірибелік өндіріске және өңдеуге алаң дайындау.
01.05.2019